Монтаж жұмыстарына рұқсат

«Атакент» КО аумағындағы көрме стендтерінің жобалау-техникалық құжаттамасын тексеру және монтаждау-демонтаждау жұмыстарын бақылау

Құжаттар пакеттері

Құрылысшыларға

Сыртқы құрылысшы — көрмеге қатысушы болып табылмайтын, «Атакент» КО аумағында стандартты емес көрме экспозициясын монтаждауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.

Өтініш беру мерзімі бір қабатты стендтер үшін — көрменің ресми ашылуына дейін 10 жұмыс күн.

Өтініш беру мерзімі екі қабатты стендтер үшін — көрменің ресми ашылуына дейін 15 жұмыс күн.

Сыртқы құрылысшылар үшін монтаж жұмыстарына рұқсат алу рәсімі ақылы негізде жүзеге асырылады. Құжаттарды тапсыру мерзімі шектеулі.

Экспоненттерге

Егер Сіз стендіңізді сыртқы құрылысшыларды тартпай, өз бетіңізше салсаңыз, ТОО ХКК «Атакент-Экспо» техникалық бөлімінде міндетті аккредиттеу рәсімінен өтуіңіз қажет.

Өтініш беру мерзімі бір қабатты стендтер үшін — көрменің ресми ашылуына дейін 10 жұмыс күн.

Өтініш беру мерзімі екі қабатты стендтер үшін — көрменің ресми ашылуына дейін 15 жұмыс күн.

Экспоненттер үшін монтаж жұмыстарына рұқсат алу рәсімі тегін жүзеге асырылады, қоқыс шығару және аспалы құрылғы орнатуға рұқсат алу қызметтерінен басқа. Құжаттарды тапсыру мерзімі шектеулі.

Шектеулі жұмыстарға

Шектеулі жұмыстарға жататындар:

  1. Жеңіл монтаждалатын баннер құрылғыларын орнату
  2. Ауыр және күрделі экспонаттарды құрастыру
  3. Дайын стандартты стендті оклейкалау

Назар аударыңыз! Электромонтаждау және аспалы жұмыстар шектеулі жұмыстарға жатпайды.

⚠ Назар аударыңыз!

Қызметкерлеріңізге «Атакент» КО аумағында қолданылатын ережелер мен талаптарды білуге алдын ала нұсқаулық жүргізу Сізге айыппұл санкцияларынан және жазатайым оқиғалардан аулақ болуға көмектеседі.